Алғы дақыл мен қатараралық өңдеудiң жүгерi егiстiгiнiң арамшөптенуiне әсерiне экологиялық талдау

Authors

  • ЕЖ Балқыбек Республика Казахстан
  • БР Сайкенов Республика Казахстан
  • ДА Мусапиров Республика Казахстан

Abstract

Біздің республикамызда жүгері ең құнды ауыл шаруашылығы дақылы болып саналады. Басқа астық тұқымдастармен салыстығанда бұл дақылдың өнімі және жемдік қасиеті анағұрлым жоғары. Жүгері - дүние жүзінде бидай мен күріштен кейінгі, ал көлемі жөнінен үшінші орында тұрған дақыл. Жалпы жиналатын өнімі бидайдан сәл аздау болса, күрішпен бірдей деуге болады. Егіс көлемін, жалпы өнімін, түсімін осы үш дақылмен салыстырсақ жүгерінің артықшылығын бірден байқауға болады. Бір гектардан алынатын өнім кейінгі 50 жылда дүние жүзінде жүгері бойынша 7ц, бидай 3ц, күріш 5,2ц артқан. Олай болса жүгері дақылы өз өнімін көбейту мүмкіндігі жөнінен ең алдыңғы қатардан орын алады, ал адамзаттың міндеті – осы мүмкіндіктерді толық пайдалана білу. Арамшөптер мәдени дақылдардың негiзгi антогенистерi болып есептеледi. Олардың келтiретiн зиянкестiлiгi әр қилы және өте жоғары. Арамшөптердiң конкуренттi қабiлетi өте жоғары, олар мәдени дақылдарға қарағанда тiршiлiкке қабiлетi жоғары, климаттың жағымсыз жағдайын жеңiлiрек қабылдайды. Егер жүгерi бiр центнер құрғақ зат құруға 350-400 ц су жұмсаса, алабота, мысыққұйрық, тауық тары және кәдiмгi гүлтәжi сияқты арамшөптер 750-800, ал егiстiк қалуен-1000-1200 ц су жұмсайды. Арамшөптер әсiресе отамалы дақылдар үшiн үлкен қауiп туғызады. Жүгерi егiстiгiнiң әжептеуiр ауданы бiраз уақыт бос болады, ол арамшөптердiң өсуiне қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан да топырақты көктемгi-жазғы кезеңдерде өңдеудi су-ауа және қоректiк зат режимдерiн жақсартумен қатар, арамшөптердi максималды жоюға бағыттап жүргiзу керек. Бiздiң тәжiрибелерiмiзде арамшөптердiң түр құрамы көбiнесе бiржылдықтардан тұрады. Ең көбiрек тараған арамшөптерге алабота, қара алқа, кәдiмгi гүлтәжi, iсiнген бөрiтарақ тісті ошаған және тауық тарылар жатады. Көпжылдық арамшөптерден дала шырмауығымен егiстiк қалуендер көбiрек кездеседi. Арамшөптердiң тұқымдарының бөлiгi жүгерi өскiнi пайда болғаннан кейiн дақылды себу алдындағы өңдеудiң қолайлы ауа, су, жылу режимдерiн жасауына байланысты екенi, және олар тырмалау мен қатараралық өңдеулермен жойылатыны белгiлi. Бiрақ жоғарғы эффектiлi гербицидтер қолданатын мәдени егiншiлiктiң дамуына байланысты, жүгерiнi максималды топырақ өңдеу және қатараралық өңдеудi мүлдем қолданбау мүмкiндiгi бар дейдi кейбiр ғалымдар. Дегенмен, жоғарғы улы гербицидтердiң өзiнен кейiнгi әсерi екi жылға дейiн, ауыспалы егiстегi өзiнен кейiнгi дақылдың өсiп-өнiп, дамуына керi әсерiн тигiзедi.

References

1. Мухитдинов. Н. Өсімдіктер морфологиясы - Алматы: 2017. 344 б.

2. Дукенбаева А. Систематика растений:учеб пособие: Эпиграф, 2017. 194с

3. Әрінов Қ.К., Мусынов А.К., Апушев А.К. [және т. б. Өсімдік шаруашылығы. - Алматы: Дәуір, 2011.- 631 б.

4. Федотов В.А., Кадыров С.В., Щедрина Д.И., Столяров О.В. Растениеводство.- СПб.: Лань, 2015.- 336 с.

Published

2020-02-02

How to Cite

Балқыбек, Е., Сайкенов, Б., & Мусапиров, Д. (2020). Алғы дақыл мен қатараралық өңдеудiң жүгерi егiстiгiнiң арамшөптенуiне әсерiне экологиялық талдау. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1895