ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • ЖД Рапишева Республика Казахстан
  • АБ Кабанова Республика Казахстан

Abstract

Мақалада қазақ және орыс тілдеріндегі зат есімнің кейбір ерекшеліктері қарастырылады. Екі тілдегі зат есімге қатысты категориялардың арақатынасы сөз болады. Мақала авторлары салғастырылып отырған тілдердегі зат есімнің тектік, көптік, тәуелдік және септік категориялары дегендердің айырмашылығы мен қолданылу ерекшеліктерін нақты мысалдар арқылы көрсетеді. Қазақ және орыс тіл білімдерінің сан салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады. Қазіргі тіл біліміндегі өзара туыс және туыс емес тілдерді салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің ұстанымдары мен әдістемелерін кең қолдана отырып зерттеу – отандық және шетелдік тіл біліміндегі ерекше дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Қазақ және орыс тілдерінде зат есім – заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы: аспан, күн, ауа, тас, дала, құс, су, небо, воздух, солнце, вода, степь, прица деген сөздер де зат есімге жатады. Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Қазақ тілінде зат есім сөздер өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады. Мысалы: бала-лар-ы-мыз. Орыс тілінде де лексика-семантикалық сипаттарына байланысты сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсуіне орай көптік, септік жалғауларын, тек (род) категориясы жалғауларын (көптік формада ғана қолданылатын зат есімдерден басқалары: сани, сливки) қабылдайды.

References

1 Бейсенбаева К. А. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. –Алматы, 1994. – 243 с.

2 Тұрсынов Д., Хасанов Б., Ислямов А., Бейсенбаева К., Ищанов К. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. – Алматы, 1967. – 297 б.

3 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991. – 382 б.

4 Мажитаева Ш. Қазақ және шетел тілдерінің салғастырмалы грамматикасы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 86 б.

5 Исаев С.М. Қазақ тілі. – Алматы, 1993. – 254 б.

Published

2015-09-17

How to Cite

Рапишева, Ж., & Кабанова, А. (2015). ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 17(433). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/26984