ҚАЗАҚ БАЛАБАҚШАСЫНДА БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Authors

  • СБ Бидасбаева Республика Казахстан

Abstract

Қазақстандағы балабақшаларда тәрбие мен оқыту Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» бойынша жүзеге асырылады. Стандартта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда бүлдіршіндерді қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыру, өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеуді қамтамасыз ету міндеттері қойылған [1]. Бұл міндеттерді шешуде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын қамтитын «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларының мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Аталған білім салаларының мақсаттары, оқу қызметтері және құзіреттіліктері стандартта көрсетілген. Қосымша ретінде 1-5 (6) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуға арналған үлгілік оқу жоспары және 5 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепалды даярлау сыныптары мен топтарына арналған үлгілік оқу жоспары берілген. Қазақ балабақшаларында стандартта қойылған міндеттерді шешу және жүзеге асыру үшін сол бес білім беру салаларына ұлттық мазмұн жасау керек. Сол мақсатта әр білім беру саласына қазақ халық педагогикасын, яғни халық ауыз әдебиетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық өнер түрлерін, ұлттық ойындарын балалардың жеке дара және жас ерекшеліктерін ескеріп ендіру қажет. Мұнда «Балбөбек», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларына халық педагогикасы қосымша материал ретінде ендіріледі. Сонда қазақ балабақшаларында бүлдіршіндерге тәрбие беру ұлттық мазмұнда жүзеге асырылады. Бұл күрделі үрдісте балабақша тәрбиешілері басты рөл атқарады. Бірақ оларды бүлдіршіндерге ұлттық тәрбие беруге әдістемелік жағынан даярлау мәселесі туындайды. Солардың негізгісі – тәрбиешілерге қажетті әдебиеттер, оларды пайдалана білу. Қазақ балалар бақшасында бүлдіршіндерге ұлттық тәрбие беру үшін тәрбиешілерге қажетті оқу құралдары біршама баршылық. Дегенмен, ол әдебиеттердің мазмұнын тәрбиешілер толық біле бермейтініне көзіміз жетіп, олардың мазмұндық талдауларын беруді жөн көрдік.

References

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. Ресми басылым. –Астана, 2012.

Жұмағожина Р. Ауыз әдебиетінің үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. Әдістемелік құрал.- Алматы: Мектеп, 1981.

Жұмабекова Ф.Н. «Балбөбек» бағдарламасы.-Алматы: РБК, 1996; Балабақшадағы тұрмыстық талғам. Әдістемелік құрал.- Алматы: Рауан, 1994.

Жұмабекова Ф.Н. Бейнелеу өнері бойынша дидактикалық ойындар. Әдістемелік құрал.- Алматы: Рауан, 1994.

Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2008.

Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Әдістемелік құрал.- Алматы: Рауан, 1992.

Керімбаева Р.Қ. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру. Оқу құралы.-Тараз: Сенім, 2007.

Бадел А. Қазақ этнопедагогикасы – бала дүниетанымын қалыптастыру негізі. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы, 2010.

Әмірова Ә. Дәстүрлі тәрбие. Әдістемелік құрал.- Алматы: Арда, 2006.

Published

2015-09-17

How to Cite

Бидасбаева, С. (2015). ҚАЗАҚ БАЛАБАҚШАСЫНДА БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 17(433). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/27000