ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНДЕГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • ДО Аташева Республика Казахстан
  • АО Көкей Республика Казахстан

Abstract

Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің қарқынды дамуы шағын қонақ үйлермен қатар, ірі қонақ үйлердің құрылуына ықпал тигізе отырып, осы нарық сегментінде орасан зор бәсекелестіктің бар екендігін дәлелдеп отыр. Мұндай жағдай мемлекет экономикасына едәуір үлес тигізетіндігін білдіреді. Қонақ үйдің бәсекеге қабілеттілігіне көптеген факторлар әсер етеді. Сол факторлар нәтижесінде кәсіпорын мүмкіндіктері қаржылық-экономикалық, саяси әрі тактикалық және стратегиялық жағдайда анықталады. Қонақ үй бәсекелестігін қалыптастырудағы тактикалық фактор болып табылатын бұл – қысқа мерзім аралығындағы басқа шаруашылық субъектілерден асып түсетін ішкі және сыртқы ортаның нақты компоненті. Бәсекелестікті стратегиялық фактор арқылы арттыру үшін келешекте белгілі бір шарттарды орындай отырып, шаруашылық субъектінің ішкі және сыртқы ортасына әсер ететін нақты компонентін қалыптастырған жөн. Қонақ үй кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз ету мәселесіне деген бірыңғай көзқарастың болмағандығынан және де олардың шешімінің өзектілігі мен маңыздылығы «қонақ үй кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі» түсінігін анықтаудағы негізгі тәсілдерін сараптауды қажет етеді. Бәсекеге қабілеттілікті лайықты түрде бағалауда келесі айрықша сипаттамаларды атап өтуге болады: қонақ үйдің бәсекелестеріне қарағанда жақсырақ әрі тартымдырақ қонақ үй өнімін ұсына білу қабілеті; алынған нарық нәтижесінің өндірілген шығынға қатынасы ретінде анықталатын қонақ үй қызметінің тиімділігі;

References

Козлова А.Ю. Проблема выбора направления инновационной деятельности предприятия. // Инновации, 2006. – №7.

Лесник А.Л., Смирнова М.Н. Ценовая политика в гостиничном бизнесе. – М.: Ось-89, 2007.

Лини ван дер Ваген. Гостиничный бизнес. – Ростов-на-Дону: Наука, 2004.

Николаева М.А. Маркетинг товаров и услуг. М.: Деловая литература, 2008.

Слепцова Н. Эффективность продаж и контроль за эффективностью // Отель, 2010. – № 2.

Published

2015-09-17

How to Cite

Аташева, Д., & Көкей, А. (2015). ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНДЕГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 17(433). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/27010