ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДАҒЫ КРИТЕРИАЛДЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • АМ Заурбекова Республика Казахстан
  • Б Алтынбек Республика Казахстан

Abstract

Білім беру жүйесін дамытуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында үлкен басымдық беріліп отыр. Білім беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату- жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының жаһандық жүйесі[1]. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің алдында тұрған келелі мәселе - білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне еш талас жоқ. Осыған орай республикада заманауи талапқа сай білім беру жүйесін реформалауға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру-Қазақстанның әлемдік, дамыған, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуі-білім берудің жаңа талаптарына сәйкес, адами ресурстарды қалыптастыруда білім беру мен тәрбиелеудің рөлін арттыру болып табылады[2]. Елімізде білім беруді әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізуде білім мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Білім беру мазмұнын жаңартуда кәсіби білікті маман қалыптастыру қажеттілігі туындады. Тәуелсіз Қазақстанды әлемге паш ететін - ғылымы мен білімі. «Мектеп-әлеуметтік мәселенің өзектісі»-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үкімет пен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің жүйесіндегі инновацияның алар орнының маңыздылығы соншалық, білім сапасына әсер ететініне баса назар аударады[3]. Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.

References

Назарбаев. Н.Ә. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» - Астана. 31.12.2017.

Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына мақаласы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Қазақстанның үшінші жаңғыруы - Астана. 26.04.2017.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.

4.Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий. – А., Педагогика, 2009.

Published

2019-03-08

How to Cite

Заурбекова, А., & Алтынбек, Б. (2019). ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДАҒЫ КРИТЕРИАЛДЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 3(611). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/7108