БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Authors

  • СМ Мадуалиева Республика Казахстан

Abstract

ХХI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау қажеттігі бар екендігі, яғни ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өзгерістерге дайын мамандарды даярлауымыз аса қажет. Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру», - деп атап көрсеткен болатын [1]. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық негізде даярлайтын жоғары оқу орындарының алдына әлемдік стандарттарға жауап беретін білім беруді жүзеге асыруды талап етеді. Аталған мәселе қазақ классикалық педагогиканың көрнекті өкілдері (Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов) т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ы.Алтынсарин: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек», – деген тұжырым жасаған [2, 24б]. Автор пайымдауынша, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мінез-құлқы мен кәсіби құзыреттілігінің сәйкестігінің нәтижесінде жетістікке жететінін түсініндіріп, олардың осы бағытта өзін өзі дамытуына, жетілдіруіне, кәсіби шыңдауға, шеберлікке баулу қажеттігі айқын. А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша, «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ал жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру», деп ой тұжырымдауы балаға білімді тәжірибемен ұштасқан негізде өздігінен игерудің тиімділігін, баланың қабілеті мен қабылдау мүмкіндігіне сай, жеке тұлғалық-бағдарлы білім берудің қажеттігін көрсетеді [3, 336б.] Ғалымның жасаған бұл тұжырымының педагогика ғылымындағы дамыта оқыту идеясына негізделген субъектілік қатынас жөніндегі идеялармен үндестігін байқаймыз. Сонымен қатар автор баланың табиғатын біліп, көңіл-күйін танитын адам болуы керек. Мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім. Бұл әрине, мұғалім үшін үлкен жауапкершілікті яғни оқыту жұмысын балалардың жас және жеке ерекшеліктерін, сонымен қатар олардың психикалық үдерістерінің (қабылдау, зейін, ойлау, ес, қиял) дамуына сәйкес ұйымдастыра білу қажеттігін жүктейді. А.Байтұрсыновтың бастауыш мектеп мұғаліміне қойған талабы, бүгінгі таңда да мұғалімдерге қойылып отырған талаппен үндестік тауып отыр. Ғалымның білім берудегі құнды педагогикалық ой тұжырымдарын (мектеп, мұғалім, оқытудың әдіс-тәсілдері, оқытуды қалыптастыру, мұғалім шеберлігінің шыңдалуы, т.б.) бүгінде болашақ мамандарды даярлау үшін білім беру саласында басшылыққа алынуда. Ж.Аймауытов мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан біркелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды.... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер. ... Дидактика мұғалімге жалпы жол жоба көрсетіп, жетекшілік етеді. ...сыннан өткен тиімді жолдарды ғана нұсқайды, -деп оқыту, білім беру әдісінің қатып-семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс-әрекет, – деп атап көрсеткен [4,16б]. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда автордың айтқан құнды тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, білім беруде оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдары ретінде оқытудың әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологияларын пайдаланудың әдістемесін жетік меңгеру қажеттігі анық. Жоғары оқу орнында кәсіби білім ғана алып қоймай кәсіби шеберлікке баулуды да іске асыруға басымдық берген жөн.

References

М.С. Молдабекова Фундаментальность университетского образования в подготовке будущего учителя: дис. ... докт. пед. наук: 13.00.08. – Алматы, 2002. – 288 с.

Ы.А.Алтынсарин Таңдамалы мұралары / Құраст. С. Қалиев және басқалар. – Алматы: Рауан, 1991. – 196 б.

А.Байтұрсынов Шығармалар – Алматы: Жалын, 1992. – 280 б.

Ж. Аймауытов Шығармалары - Алматы: Жазушы, 1992. – 458 б.

М.Жұмабаев Таңдамалы (өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар). – Алматы: Ғылым, 1992. – 270 б.

Ш.Құдайбердіұлы Өлеңдері мен поэмалары – Алматы: Жалын, 1990. – 208 б.

Published

2019-03-08

How to Cite

Мадуалиева, С. (2019). БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 3(611). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/7109