Ұйымдағы активтердің есебі

Authors

  • МА Қуанғалиева Республика Казахстан

Abstract

Қаржылық есеп берушілікті дайындау және жасау принципіне сәйкес активтер- бұл субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер және құқықтар. Активтерді жою мерзіміне қарай ағымдағы және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес ағымдағы активтерге келесілер жатады: оларды қайта өңдеу және сату мерзімінен тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар; есеп беру күнінен бір жыл ағымында қажетсіздендірілуі тиіс алдағы кезең шығындары; ақшалай қаржылар; ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар; бір жыл ішінде алынатын алашақ қарыздар: ағымдағы активтерді сатып алуға аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар, алынған векселдер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестігі арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болатын дебиторлық қарыздар, акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының алашақ қарыздары, басқа да дебиторлық қарыздар. Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамаен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

References

1.Кеулимжаев, К.К. Финансовая отчетность.- Алматы, 2009 -С. 54-62

2.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 - С. 32-47

Published

2019-03-08

How to Cite

Қуанғалиева, М. (2019). Ұйымдағы активтердің есебі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 3(611). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/7126