Дайын өнімді өндіру мен өткізудің есебі

Authors

  • НС Нажипова Республика Казахстан

Abstract

Өнімнің өндіріс аясынан айналым аясына өтуін өнімнің шығарылуы деп атайды. Ұйым өнімін өткізу процесінде ақша қаражаттары алынады. Олардың есебінен жұмсалған шығындар жабылады, салықтар және басқа төлемдер бойынша бюджетпен; еңбекті төлеу бойынша жұмыс істеушілермен; жабдықтаушылар мен мердігерлермен, басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі. Ұйымның қаржылық жағдайының нығаюы өндірілген өнімнің дер кезінде дайындалуы мен өткізілуіне тәуелді. Дайын өнімнің бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жалпылау үшін 1320 «Дайын өнім» шоты арналған. Бұл шоттың дебеті бойынша өндірістен шығарылып, қоймаға берілген өнімнің нақты өзіндік құны көрсетіледі.Шоттың кредиті бойынша өткізілу тәртібінде тиелген немесе сол жерде сатып алушыларға берілген дайын өнім есептен шығарылады. Сатып алушыларға дайын өнімдерді төлеу үшін есеп айырысу құжаттары ұсынылдаы. Дайын өнімдер ұйымның өзі қолданылуы үшін жіберілсе, онда «Дайын өнім» шотына кіріске алынбайды, 1310 «Шикізаттар мен материалдар» тобының сәйкес шоттарында немесе 7210 «Әкімшілік шығындар», 7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсетулер бойынша шығындар» шоттарында есептеледі. Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни ұйым қоймасында және бухгалтериясында есептеледі. Қоймадағы материалдар түрлеріне қарай сөрелерде, шкафтарда және жәшіктерде орналастырылады. Қоймадағы және цехтардағы материалдардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі. Қоймада материалдардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номеріне жеке карточка ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі. Алынған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдардың қоймалық есебін жүргізу қоймашының міндетіне кіреді. Қоймашы күн сайын кіріс және шығыс құжаттарын толтырады және карточкаларға жазып отырады. Картотеканы жүргізу бойынша жұмыстарды келесі күнге қалдыруға болмайды. Әрбір операциялық күннің соңында карточкаларда сол күні қозғалысы болған материалдық құндылықтардың қалдықтары шығарылады. Материалдардың күндік айналымына құжаттарды қабылдау- өткізу реестрі екі данада толтырылады: біреуі құжаттар қосылыпбухгалтерияға табыс етіледі, екіншісі – құжаттарды қабылдап алған бухгалтердің қолы қойылған қоймашыда қалады.

References

1.Кеулимжаев, К.К. Финансовая отчетность.- Алматы, 2009 -С. 47-51

2.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 - С. 32-47

Published

2019-03-08

How to Cite

Нажипова, Н. (2019). Дайын өнімді өндіру мен өткізудің есебі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 3(611). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/7134