ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ- САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

Authors

  • МН АЙДАРБЕКОВА Республика Казахстан

Abstract

Білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы ,сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолында сапалы білім беруге қолжетімділікте адами капиталды дамыту үшін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім берудің жаңаша мазмұнының нормативтік базасы ҚР мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары болып табылады. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жаса. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Біздің ойымша, функционалдық сауаттылық дегеніміз — сапалы білім берудің кепілі. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Осыған байланысты 1997 жылдың өзінде-ақ Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту жөніндегі Концепция жобасында адамдардың сауатсыздығын жою еліміздің жалпы орта білім беру жүйесіндегі реформалануға тиісті стратегиялық нысан екендігі атап көрсетілді. Осы мәселені анықтау күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Сараптама нәтижесіне көз салсақ, бiлiм құрылымдарының білім алушыларды қоғамдық- шығармашылық өмiрге араласуына бағытталмағанын байқаймыз. Басқаша айтқанда, дәлел бар да, оның iске асыру жоқ. Содан болар мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». Аталмыш тапсырманы орындау үшін Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың басшылығымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған бес жылға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды. Функционалды сауатты тұлға қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады Заманауи мектептің ең басты міндеті оқушы өмірінің барлық белеңдерінде білім алуға деген құлшынысын қалыптастыру үшін, оған әрбір қадамының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беруден, тәсілдер мен таным көздерін таңдауда бағдар ұстай білуге үйретуден тұрады.

References

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген.

Ергешбаева Ш.Н. «Мүдде мен мақсат – жарқын болашақтың кепілі».// Өрлеу – Шымкент №1 (7) 02.2014ж.

Published

2019-03-08

How to Cite

АЙДАРБЕКОВА, М. (2019). ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ- САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 3(611). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/7188