Инновациялық кәсіпкерліктегі тәуекел

Authors

  • МС Искакова Республика Казахстан

Abstract

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандайда бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады. Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігі есебінен зиянды жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты. Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде,ішкі шаралар көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады. Тәуекел дегеніміз кәсіпорынның белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстың бір бөлігін жоғалту ықтималдығы. Кәсіпкерлік тәуекел – бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекелді жатқызуға болады.Өндірістік тәуекел – бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Кәсіпкерлік тәуекел – өнімдерді, тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады. Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі: Кәсіпкерлік қызмет белгілері бойынша: өндірістік тәуекел өнім тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты; коммерциялық тәуекел өндірген немесе сатып алған тауарларды және қызмет көрсетуді өткізу процесінде туады; қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржы институттарыен қатынас сферасында пайда болады; заңдық – заң актілерінің төмен сапасымен және заңдағы күтпеген өзгерістермен байланысты; инвестициялық тәуекел – техникалық экономикалық негіздемені сапасыз жасаумен, жобаның құнының күтпеген өсуімен, қоршаған ортаны қорғау туралы заңның күшеюіне байланысты; сақтандыру тәуекелі – сақтандыру қорын қалыптастурымен, қорды басқарумен байланысты. Аумағы бойынша: жергілікті, салалық, мемлекеттік. Пайда болу табиғаты бойынша: субъективті және объективті [1].

References

1.Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. Основы предпринимательства. Алматы:Экономика,2001.

2.Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.Алматы:Экономика , 2001.

3.Лапуста В.Л. Предпринимательство.М., Инфра, 2005.

Published

2019-03-08

How to Cite

Искакова, М. (2019). Инновациялық кәсіпкерліктегі тәуекел. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 3(611). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/7194