Тайбек Ж.К., Алменова
Ж.А.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі
кездегі қайта сақтандыру нарығының дамуына әсер
ететін негізгі факторлар сақтандыру бойынша тәуекелдердің
артуы мен осы тәуекелдерді бөліп сақтандыру ісінің
тиімділігі болып отыр, яғни қайта сақтандырудың пайда
болуына түрткі болатын негізгі фактор негізінен
сақтандырушыларға келетін тәуекелдер көлемін азайту
арқылы көрініс табады.
Негізінен қайта сақтандыру жүйесінің басқа
шетелдерде кеңінен дамығаны туралы көрсеткіштерден байқайтынымыз,
сол елдердегі сақтандыру компанияларының қайта
сақтандыру бойынша тәуекелдерді тұтастай сақтандырулары
үшін сақтандыру обьектісінің құнының тым
жоғарылығы мен шығындылықтың артуы себепті.
Қайта сақтандыру ең алдымен елдегі
өзгерістерге, нарықтың дамуына да тікелей байланысты, сонымен
қатар соңғы кездерде әлемнің көптеген
елдерінде ірі дүниежүзілік сипаттағы, табиғи,
техногендік сипаттағы қатерлер мен қауіптер көбейіп, осы
арқылы сақтандырушылардың да, тіпті
сақтанушылардың да
қаржылық мүмкіндіктерімен қатар
тәуекелдерінің де шамадан тыс артқанына байланысты болып
отыр.
Қазақстан экономикасындағы соңғы
кездердегі индустриалды-инновациялық өзгерістердің жиі орын
алуы және кәсіпкерлік саланың қуатты өркендеуі
әртүрлі қайта сақтандыру жағдайларын
сыни-қатерлер мен аса қатерлі тәуекелдердің артуы
жағдайында экономикалық өмірдің барлық
тәуекелдеріне жауап бере алатындай дамып отырылды. Сол себепті бүгінгі
таңда кез-келген тәуекелдерді
қайта сақтандыруды дамытудың қазіргі басты
міндеті сақтанушылардың талаптарына сай қауіп-қатерлердің жауапкершілігін
қабылдай отырып, өздерінің де қаржылық шығындарға
ұшырамауын, өз өтімділіктерін жоғалтпауларын
қамтамасыз ету емесе клиенттердің мүддесіне орай болулары тиіс.
Кезеңдердегі сақтандыру
нарығының жалпы жағдайын талдайтын болсақ, өткен
1 жыл мерзім аралығындағы
кезеңде сақтандыру нарығында сақтандыру
сыйлықақылары шоғырлану деңгейінің
ұлғайғаны байқалады. 5 ірі сақтандыру
компаниясының үлесіне жиынтық сақтандыру
сыйлықақыларының 37,6%-ы және сақтандыру
төлемдерінің 35,0%-ы тиесілі болды. Бес ірі сақтандыру
компаниясының сақтандыру нарығының жиынтық
активтеріндегі үлесі 49,1% болды.
2014 жылғы 1
қаңтарда сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 523 410,8 млн.
теңге құрады, бұл 2014 жылғы 1
қаңтардағы ұқсас көрсеткіштен
18,2%-ға көп болды.
2014 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдары міндеттемелерінің сомасы 268 827,8 млн.
теңге құрады, бұл 2013 жылғы 1 қаңтардағы
ұқсас көрсеткіштен 32,4%-ға көп.
Осы мерзімге сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы
сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша
қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
үшін құрған сақтандыру резервтерінің
көлемі 240 283,7 млн. теңге болды, бұл 2013 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша құрылған
резервтер көлемінен 37,9%-ға көп. 2014 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша тікелей сақтандыру
шарттары бойынша қабылданған сақтандыру
сыйлықақыларының көлемі 253 072,6 млн. теңгені
құрады, бұл 2013 жылғы 1 қаңтардағы
көрсеткіштен 19,6%-ға көп.
Сақтандыру
сыйлықақыларының негізгі үлесін ерікті мүліктік
сақтандыру құрайды (107 842,1 млн. теңге немесе
сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің
42,6% құрайды). Ағымдағы жылы ерікті мүліктік
сақтандырудың өсу қарқыны жалғасуда.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру
сыйлықақыларының жиынтық көлемі 92 111,9 млн.
теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жалпы
көлемінің 36,4% құрайды, міндетті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі – 53
118,6 млн. теңгені немесе 21,0% құрайды.
Қайта
сақтандыруға берілген сақтандыру
сыйлықақыларының көлемі 75 086,0 млн. теңге
немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық
көлемінің 29,7%-ын құрады. Сонымен бірге қайта
сақтандыруға Қазақстан Республикасының
резиденттері еместеріне сақтандыру сыйлықақыларының
жиынтық көлемінің 24,0%-ы берілді.
Қайта сақтандыру шарттары бойынша
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының
жалпы сомасы 26 130,8 млн. теңге құрады. Бұл ретте
Қазақстан Республикасының резиденттері еместерден қайта
сақтандыруға қабылданған сақтандыру
сыйлықақыларының сомасы 12 959,1 млн. теңге болды
(кесте 1).
Кесте 1
Қайта
сақтандыруға берілген сақтандыру
сыйлықақыларының құрылымы
|
Сақтандыру сыйлықақылары |
01.01.2013 |
01.01.2014 |
Өсімі, %-бен |
||
|
млн.теңге |
%-бен * |
млн.теңге |
%-бен * |
|
|
|
Барлығы қайта сақтандыруға берілді, оның ішінде: |
65 240,0 |
30,8 |
75 086,0 |
29,7 |
15,1 |
|
резидент еместерге |
48 248,4 |
22,8 |
60 852,5 |
24,0 |
26,1 |
|
резиденттерге |
16 991,6 |
8,0 |
14 233,6 |
5,6 |
-16,2 |
|
Барлығы резидент еместерден қайта сақтандыруға қабылданды |
10 182,1 |
4,8 |
12 959,1 |
5,1 |
27,3 |
|
www.nationalbank.kz |
|||||
* тікелей сақтандыру шарттарына сақтандыру сыйлықақы көлеміне пайызбен
Елдер бойынша қайта
сақтандыруға берілген сақтандыру
сыйлықақыларының құрылымы бойынша
Қазақстан Ұлыбританияның алдында тұр, яғни
2014 жылғы 1 қаңтарға бұл көрсеткіш 26 %
құрап отыр.
Қайта сақтандыру бойынша тәуекелдерді
жабу үшін сақтандыру компаниялары белгілі бір әдістерді,
нысандар мен тәсілдерді қолдана отырып, қайта
сақтандыру қызметтерінің көмегімен
нарықтағы өзгерістер
мен талаптарына сай сақтандыру
қызметтерін жүзеге
асырулары тиіс.
Iрi, көлемді немесе аса мазмұнды
тәуекелдердi бiрлесе сақтандыру арқылы тәуекелдерді
ортақ сақтандырушылар біртұтас қызметтер туралы
келісім-шарт негiзiнде жай ғана серiктестiктер түрінде
құрылады, бұл сақтандыру пұлдары болып танылады.
Тәуекелдерді ортақ сақтандырушылардың арасында
өзара келiсiм-шарттар
болған жағдайда, олардың білгілі бір тарапы болып танылатын
сақтанушының алдындағы міндеттеріне тек өз
үлесiмен толық жауапты бола
отырып, онымен ортақтаса өзара бірлескен қатынаста
тұтастай ортақ
сақтандырушылардан сенімді тұлға бола алады.
Қайта сақтандыру өніміне деген
сұраныс пен сұранысқа байланысты туындайтын
қауіп-қатерді толықтай жабу қажеттігінің
ықтималдығы мүмкін өзгерістері толықтай
ескеріледі.
Қайта сақтандыру жүйесіндегі
сақтандыру қызметінің дамуы, қауіп-қатерлерді
тиімдірек басқару арқылы неғұрлым жаңа
бағыттарды, әдіс-тәсілдерін ойластыру,
ықтималдығы бар толықтай қаржылық кепілдіктер мен
тағы да қосымша берілетін
кепілдіктер үшін дәстүрлі түрде қайта
сақтандырудың нысандарын ірі көлемде бөліп
құрылымдау жоғары мамандандырылған қолдауды
көрсетеді.
Қайта
сақтандыру бойынша жауапкершіліктің өзара көлемін
арттыру кезіндегі қайта сақтандыру ұйымдары өткізетін
қызметтің алғашқы
кезеңдерінде де қайта сақтандырудың қызмет
ауқымы кең. Ірі, аса ірі, қауіптілігі зор қайта
сақтандыру бойынша тәуекелдерді қайта сақтандыруды
неғұрлым тез жүзеге асыру үшін қайта
сақтандырушылар қайта сақтандыру пулдарын, қайта
сақтандыру бірлестіктерін
құра алады, мұндай қайта сақтандыру
бойынша ірі бірлестіктер бүгінгі таңда халықаралық
деңгейде де құрылып отыр. Осы ретте қайта
сақтандырудың ішкі нарығында қайта сақтандыру
жүйесін құру қажетті, осылайша нарықтық
экономикадағы маңызды тиімді мәселе қайта
сақтандыру, сонымен қатар қайта сақтандыру
операцияларының қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етулері мүмкін шетелдердің сақтандыру
компанияларында да бұл әдістердің рөлі, мәні
бүгінгі күні ерекше.
Қайта
сақтандыру жүйесі - бұл тәуекелді
сақтандырушының, немесе қайта сақтанушының аса
ірі қауіп-қатерлі тәуекелдерді сақтандыру бойынша
міндеттемелерін өздерінің
жауапкершіліктеріне ала отырып, оның тұтастай бір бөлігін
және қайта сақтандыру сыйақысының осыларға
сай үлесін өзге қайта
сақтандырушыларға өткізуді қарастыратын
экономикалық қатынастар. Қазіргі таңдағы
еліміздегі қайта сақтандырудың негізгі мақсаты –
қайта сақтандыру тәуекелдерін бөліп құрылымдау
арқылы қайта сақтандырылған тәуекелдердің
біртұтас қоржынын құрастыру және қайта
сақтандыру операцияларының қаржылық
тұрақтылығын қолдау.
Қайта
сақтандырудағы тәуекелдерді беру тұрақты не бір
ретте жүзеге асырылады, қайта сақтандырудың тарихынан
байқағанымыздай, алғашқы қайта
сақтандыруға берілетін тәуекелдер ірі тәуекелдер
тобынан болған.
Тараптардың құқықтық өзара
қарым-қатынастарын рәсімдеу және қайта
сақтандыруға беру әдістері бойынша қазіргі кезде
қайта сақтандыру операциялары келесі түрлерге бөлінеді:
- Факультативті
(міндетті емес)
-Облигаторлы (келісімдегі, міндетті);
-
Факультативті-облигаторлы (аралас);
Цессионарий цеденттің
ұсынған шарттарынан бас тартуы, қайта
сақтандырудағы жағдайды өзгертуі мүмкін.
Факультативті (міндетті емес) қайта сақтандыру әдісінде
тараптар толық бостандыққа ие, яғни кез-келген
ұсынған шарттарды өзгертуге құқықтары
бар. Қайта сақтандырушы тәуекелдерді өткізуге не
өз жауапкершілігіне қалдыруға
құқықты.
Цессионарий қайта сақтандырушының барлық
тәуекелдерінің үлесін қайта сақтандыруға
қабылдауға міндетті. Цеденттің жеке қатысуындағы
келісілген көлемінен сақтандыру сомасы асып кеткен уақытта сақтандыруға
алынған барлық тәуекелдерді цеденттің цессионариге
ұсынуы. Цессионарий тәуекелдерді сақтандыруға
өзгерістер енгізе алады, қайта сақтандыруға
мүмкіндіктері бар.
- Факультативті-облигаторлы (аралас) сақтандыру әдісінде Цедент
масс қайта сақтандыруға қандай тәуекелдер
қандай көлемдерде өткізілуі керектігін анықтауға
құқылы.
Факультативті қайта сақтандырудың негізгі ерекшелігі
сақтандырушы (цеденттің) өзінің жеке иелігіндегі
мөлшерді анықтауы, яғни сақтандыру сомасының
компанияның өз жауапкершілігіне қалдыратын сомасының
негізгі меншіктегі бөлігі. Бұл сомаларды анықтай алады:
- сақтандыру
полисі бойынша жеке;
- бір
тәуекел арқылы
-
бірқатар тәуекелдер бойынша.
Факультативті қайта сақтандыру бойынша келісімдерді
құрудың алдыңғы шарты ол Слип негізінде
құру.
Слип –бұл қайта сақтандырушыға цедентпен
өткізілетін ұсыныс-құжат, Слиптің негізгі
сипаттамалары бұл келесі мәліметтерді қамтитыны; сақтанушының
аты-жөні мен мекен-жайлары, келісім түрі, сақтандыру
обьектілері, сақтандыру сомалары, сыйақы мөлшерлемелері.
Слипті ала отырып, қайта сақтандырушы ұсыныстарды
қабылдайды не одан бас тарта алады.
Факультативті
әдістің артықшылықтары:
- Компания-цеденттер
үшін қолайлы жағдайды таңдау мүмкіндіктері;
- Қайта сақтандыру (бірқатар
қайта сақтандыру компанияларында тәуекледерді бөліп
тастау мүмкіндіктері);
- Ең үлгілі компанияны таңдау
мүмкіндіктері;
Облигаторлы негізде
қайта сақтандыру әмбебап сипатқа ие, сақтандырудың
барлық түрлерінде қолданылады, барлық елдердің
сақтандыру нарығында қызмет етеді.
Облигаторлы қайта
сақтандырудың
артықшылықтары:
- әлемнің
кәсіби қайта сақтандырушыларында қайта сақтандыру
сыйлықақылардың елеулі бөлігін жинақтайды,
сақтандыру операцияларының көлемін
ұлғайтуға мүмкіндік береді.
-
тәуекелдерді толық теңдей бөліп тастауды
қамтамасыз етеді;
- тараптармен
ұзақ мерзімді қатынастар орнатуды дамытады;
- Қайта
сақтандырушыларды қолдаудың кепілін ұсынады және
цеденттің кең бостандығын көрсетеді.
Облигаторлы қайта сақтандыруда қайта сақтандырушы жүйелі түрде қайта
сақтандыруға жататын тәуекелдердің тізімін ұсынып
отыруы тиісті, облигаторлы қайта сақтандырудың негізгі
кемшілігі қайта сақтандыруға жататын тәуекелдер
облигаторлы келісім талаптарына жатпайды, не тәуекелдер бойынша
сақтандыру сомасы келісім бойынша жауапкершіліктің лимитінен асып
кетеді, мұндай жағдайларда факультативті қайта
сақтандырудың қосымша келісімдерін құру қажетті.
Қайта сақтандыру бірлестіктері қайта
сақтандыру стратегиясының ең маңызды бөлімді
болуы тиісті, бұл әсіресе қауіп-қатерден алшақ
емес сақтандыру бойынша қызметтердің ірі көлемді
бағдарламасына тиісті жерде қайта сақтандырудағы жалпы
кепілдікті жүзеге асыра атқарған кезде клиенттердің
жекелеген мақсат-мүдделеріне ерекше назар аударылады.
Сонымен қазіргі кездегі сақтандыру
нарығында қайта сақтандыру жүйесін дамытудың
негізгі бағыттары мыналар:
-
Сақтандыру
тәуекелдерін басқару арқылы қайта сақтандыру
жүйесін қалыптастыру;
-
Қайта
сақтандыру компанияларының қаржылық
тұрақтылығына қол жеткізу;
-
Қайта
сақтандыруға алынатын ірі тәуекелдердің болуын
алдын-ала зерттеу арқылы топтастыру, құрылымдау;
-
Қайта
сақтандыру бойынша тәуекелдерді қай әдіс бойынша
басқару қажеттілігін ерте анықтау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ж.Қ.Тайбек. «Сақтандыру» Оқу құралы.
Алматы 2012ж. Экономика баспасы.
2 Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын
және қаржы
ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің ҚР сақтандыру секторының 2014 жылғы 1
қаңтардағы ағымдағы жағдайы туралы
ақпарат. www.nationalbank.kz