Экономические науки/ Финансовое отношение

Кусаева Н.С.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, экономика магистрі

Алпуанова И.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ НАРЫҒЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ

 

Жүргізіліп жатқан Қазақстан Республикасының реформалауы әлеуметтік саланы да қайта құруды талап етті. Себебі, бұған дейінгі қызмет атқарған зейнетақы жүйесі еңбек етуге қабілетсіз халықты қамтамасыз етуге өзінің тиімділігінің төмендігін көрсетті. Сондай-ақ әлеуметтік саясаттағы өзгерістер экономикалық өсімге қажетті қосымша қаржы ресурстарын іздестірумен де байланысты деген болжам жасауға болады. Жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қартайғанда, еңбек етуге қабілетін жоғалтқанда және т.б. жағдайлар болғанда қажетті ақша ресурстарын жинақтау жөніндегі психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру қазіргі уақытта ынтымақтастыққа негізделген және жинақтаушы жүйелер механизмдерін бірге қамтитын үш сатылы жүйеден тұрады (1-сурет).

Бірінші деңгей – Бұл Қазақстанға КСРО тараған соң, одан мұра боп қалған және «ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйесі, онда халықтың жұмыс жасайтын бөлігінің салық төлемдері мен басқа түсімдер есебінен құралған мемлекеттік бюджет зейнетақы төлемдерінің көзі болып табылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады. Қазіргі уақытта бұл деңгей шеңберінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақыға шығу сәтінде еңбек өтілі алты айдан кем емес адамдар үшін зейнетақы төлемдері қалыптастырылуда.  

Сурет 1. Қазақстанның зейнетақы жүйесі

 

Екінші деңгей – бұл Қазақстан азаматтары үшін ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары, Қазақстанда үнемі тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жұмыстар мен мамандықтар, өндірістер тізіміне енгізілген жұмыскерлердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы  жарналары белгіленген міндетті жинақтаушы зейнетақы қоры.   

Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтау жүйесі. ЕЗЖ көлемі, оларды төлеу тәртібі мен кейінгі төлемдер тараптардың ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келісімдері бойынша анықталады. 

Осылайша, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне қатысы бар халқына зейнетақыға шыққан соң өз кірісінің деңгейі үшін жауапкершілікке ие болу қажет, себебі олардың жеке зейнетақы шоттарында өздері қалыптастырған жинақтар зейнетақы төлемдерінің көзіне айналады.   

Әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинағын арттыруға және соның арқасында еңбек жолын аяқтаған соң өзіне көбірек кіріс қамсыздандыру мүмкіндігі беріледі.

Елде жұмыс істеп тұрған зейнетақы жү­йесін жетілдіру жүргізіліп жатқан рефор­маларға және Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуінде негізгі қағидаттардың сақталатындығын атап өту қажет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі параметрлері: шоттардың дербестендірілуі, жинақтардың меншік­ті­лігі мен мұрагерлігінің сақталуына және зей­нетақы жарналарының сақталуына бе­рілген мемлекеттік кепілдік өзгеріссіз қалу­да. Бұдан басқа зейнетақы жинақта­рының жеткіліктілігі жағдайында зейнетке ерте шығу құқығы да сақталады.

Бұл ретте проблемалық мәселелердің бар екендігін ескере отырып, зейнетақы­мен қамтамасыз ету жүйесін мынадай не­гіз­гі бағыттар бойынша жетілдіру жоспар­ла­нуда: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру; халықты зейнетақы жүйесіне тартудың ауқымын кеңейту; базалық зей­нетақы төлемдерін тағайындау тәртібін же­тілдіру; міндетті кәсіби жарналар жүйе­сін енгізу және басқалар.

Зейнетақы жүйесінің негізгі рефор­малары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құрумен байланысты.

Қазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақы қызметі нарығының институционалды құрылымы келесі кестеде берілген (1-кесте).

 

Кесте 1

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалды құрылымы

 

Атауы

 

1.01.2012

1.01.2013

1.01.2014

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

-

-

1

Жинақтаушы зейнетақы қорларының саны

11

11

9

- оның ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратындар

11

11

7

Жинақтаушы зейнетақы қорлары филиалдарының саны

79

120

88

Республика өңірлеріндегі өкілдіктерінің саны

51

0

0

зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың саны

13

13

11

Кастодианды қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны

10

10

11

- оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктері

6

6

5

 

Кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және 9 жинақтаушы зейнетақы қорлары қызмет етеді.

ЖЗҚ құжаттар мен ақпаратты БЖЗҚ-ға беру барысы әрбір ЖЗҚ бойынша екі кезеңге бөлінді:

бірінші кезең – БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында ЖЗҚ салымшылары (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын ашу, осы жеке зейнетақы шоттарына салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомаларын аудару және БЖЗҚ зейнетақы активтерінің есебіне қалыптастырылған ЖЗҚ инвестициялық портфелін беру;

екінші кезең – құжаттарды (қағаз тасымалдағышта) және басқа ақпаратты беру, ЖЗҚ деректер базасында қалған мәліметтер мен құжаттарды жою.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Республика» ЖЗҚ» АҚ және «Отан» АЖЗҚ» АҚ, «Капитал» ЖЗҚ» АҚ және «Атамекен» ЖЗҚ» АҚ бойынша зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға берудің бірінші кезеңі аяқталды.

БЖЗҚ «Республика» ЖЗҚ» АҚ, «Отан» АЖЗҚ» АҚ, «Капитал» ЖЗҚ» АҚ және «Атамекен» ЖЗҚ» АҚ салымшыларымен (алушыларымен) бірге жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша құқықтық мирасқоры ретінде осы ЖЗҚ-лардың салымшыларына (алушыларына) қызмет көрсете бастады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-ға «Республика» ЖЗҚ» АҚ және «Отан» АЖЗҚ» АҚ, «Капитал» ЖЗҚ» АҚ және «Атамекен» ЖЗҚ» АҚ бойынша қағаз тасымалдағыштағы және электрондық мұрағаттық құжаттарды және ақпараттарды беру жөніндегі рәсімдерді қамтитын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді берудің екінші кезеңі жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде қолданыстағы ЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын ашу және олардың зейнетақы жинақтарын осы шотқа аудару үшін қажетті деректерді БЖЗҚ-ға беру бойынша рәсімдер, сондай-ақ ЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдерін БЖЗҚ-ға беру бойынша рәсімдер 2014 жылы сәуірде аяқталады [17,18].

Сонымен қатар, есепті кезеңде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар саны 11, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны 11 болса, оның ішінде 5-еуі жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктері болып табылады.

Келесі кестеде жинақтаушы зейнетақы қорлары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары (алушылары) туралы мәліметтер берілген (2-кесте).

 

Кесте 2

ЖЗҚ және БЖЗҚ салымшылары (алушылары) туралы мәліметтер

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының (алушыларының) саны

 

1.01.2012

1.01.2013

1.01.2014

1.01.2014/1.01.2013 өсімі (%-бен)

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша

салымшылардың (алушылардың) шоттарының саны

8137395

8422512

10046082

19,3

Зейнетақы жинақтары, млрд. теңге

2645,6

3177,6

3731,9

17,4

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша

салымшылардың (алушылардың) шоттарының саны

38318

37793

63462

67,9

Зейнетақы жинақтары, млрд. теңге

1,2

1,3

1,4

7,7

Ерікті және кәсіби зейнетақы жарналары бойынша

салымшылардың (алушылардың) шоттарының саны

4102

4225

4231

0,1

Зейнетақы жинақтары, млрд. теңге

0,1

0,10

0,15

50,0

 

Кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны 19,3%-ға және зейнетақы жинақтарының көлемі 17,4%-ға артқан. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың саны 67,9%-ға және олардың зейнетақы жинақтары 7,7%-ға өскен. Ал ерікті және кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың саны 0,1%-ға және зейнетақы жинақтары 50,0%-ға артқан.

Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға. Мiндеттi зейнетақы жарналары дегеніміз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Заңға сәйкес салынатын ақша қаражаттары.

Міндетті зейнетақы жарналары белгілі бір жұмысты, қызметті атқаратын азаматтардың еңбекақысынан міндетті түрде алынып отырады.

Келесі суретте міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының динамикасы бейнеленген (2-сурет).

 

Сурет 2. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының динамикасы, млрд. теңге

 

Суреттен көріп отырғанымыздай міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының көлеміне өсу тенденциясы тән болған. Атап көрсетсек, 2011 жылы жинақтар көлемі 2645,6 млрд. теңге көлемінде болса, 2012 жылы  532 млрд. теңгеге артып, 3177,6 млрд. теңгені құрады. Ал 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1086,3 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 554,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 3731,9 млрд. теңге болды.

Келесі суретте ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының динамикасы берілген (3-сурет).

 

 

Сурет 3. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының динамикасы, млрд. теңге

 

Ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өзінің бастамасы бойынша салатын ақшасы.

3-суреттен көріп отырғанымыздай, ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары талданып отырған кезеңдерде тұрақты түрде өсіп отырған. Яғни, 2011 жылы 1,2 млрд. теңге, 2012 жылы 1,3 млрд. теңге және 2013 жылы 1,4 млрд. теңге болған.

Зейнетақы жинақтары - шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы.

Келесі суретте жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың зейнетақы жинақтарының жиынтық көлемінің динамикасы бейнеленген (4-сурет).

 

Сурет 4. Салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының динамикасы, млрд. теңге

 

Суреттен байқап отырғанымыздай, салымшылардың жинақталған қаражаттарына өсу тенденциясы тән болған. Атап көрсетсек, 2011 жылы зейнетақы жинақтарының көлемі 2651,4 млрд. теңге болса, 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда 531,8 млрд. теңгеге артып, 3183,2 млрд. теңгені құраған. Ал 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1082,0 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 550,2 млрд. теңгеге ұлғайып, 3733,4 млрд. теңгені құрап отыр.

5-суретте жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған зейнетақы жарналарының динамикасы бейнеленген.

 

Сурет 5. Зейнетақы жарналарының динамикасы, млрд. теңге

 

Суреттен байқап отырғанымыздай зейнетақы жарналарының көлемі талданып отырған кезеңдердің барлығында ұлғайған. Атап көрсетсек, егер 2011 жылы аталмыш көрсеткіштің көлемі 2003,7 млрд. теңге болса, 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда 466,4 млрд. теңгеге артып, 2470,1 млрд. теңге болды. Ал 2013 жылы зейнетақы жарналарының көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 1027,8 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 561,4 млрд. теңгеге ұлғайып, 3031,5 млрд. теңгені құрады.

Келесі суретте «таза» инвестициялық кірістің динамикасы бейнеленген (6-сурет).

 

Сурет 6. «Таза» инвестициялық кірістің динамикасы, млрд. теңге

Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің нәтижесінде «таза» инвестициялық кірістің динамикасы талданып отырған кезеңдерде өскен. Атап көрсетер болсақ, 2011 жылы «таза» инвестициялық кірістің көлемі 555,1 млрд. теңге болса, 2012 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 112,3 млрд. теңгеге өсіп, 667,4 млрд. теңгені құрады. Ал 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 201,0 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 88,7 млрд. теңгеге артып, 756,1 млрд. теңгені құрап отыр.

Жүргізілген талдау барысында зейнетақы нарығында зейнетақы жинақтарының көлемінің артқандығын көре аламыз. Есепті кезеңде зейнетақы жинақтарының артуын салымшылар саны мен зейнетақы жарналары көлемінің артуымен түсіндіруге болады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1   «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының ресми сайты

2        2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы. ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің ресми сайты

3        2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы. ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің ресми сайты

4        Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми сайты.// www.nationalbank.kz