Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері мен
тәсілдері
Бисенова
Ғалия Алдабергеновна
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық –техникалық колледжі
«Біз күдіктенбейтін жаңа білім мен жаңа технологияның пайда болуы, даму
жүйесінің басты
бағыттарының айқындалуы
XXI ғасырға білім
ғасыры деген анықтама беруге мүмкіндік береді» деген
болатын.Қазіргі күні бағдарламаларында мұғалім
балаға білім, білік, дағды беріп қана қоймай,
ақыл-ойын, қабілетін
дамытуды, оқи алуға үйрету керек деген міндеттер қояды. Психологиялық,
әдістемелік әдебиеттерде бұл «дамыта оқыту» деп аталады.
Дамыта оқыту
«Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы оқушылардың аналитикалық позитивті сыни және
шығармашылықты ойлауын дамытуға, сыныпта демократиялық
ақуалды тудыруға, мұғалім тек ақпарат беру
көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ
қоя білуге бағытталған пікірлесуге қатысуға
мүмкіндік тудырушы, сонымен бірге түрлі ақпарат
көздерінен белгілі тақырыпта жаңа ақпарат таба білуіне
ықпал жасаушы бірқатар әдістемелер ұсынады. «Оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» бағдарламасының барлық технологиялары үш
сатылы сабақ жоспарымен жүзеге асырылады.
Circle the word that go with it
Мысал келтіре кетейін:
Name: Bekmuratov
Nurbol 6a form Does it Belong?
Топтау әдісі арқылы оқушылар
өздері мәтін құрып оны айтып беруге дағдыланады,
оқушылардың монологтық сөйлеу қабілеті дамиды. Сын тұрғысынан ойлауды
дамыту
бағдарламасында бұл сабақтағы аса
қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл
осы кезеңде үйрену үшін не үйренгенін саралап, салмақты, оны қандай
жағдайда, қалай
қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде
өзі білім үйрену жолына қайта қарап өзгерісті
енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі және
үлкен әлемге енеді. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бізді несімен
қызықтырады? – деген сұрақ тууы мүмкін.
ü Кез-келген ұстазға сапалы сабақ беруге
мүмкіндік беретіндігімен.
ü Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді
әдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада
жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Демек сол
әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен «мағынаны тану»
кезеңінде мәтінді жан-жақты және әр
тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
Жаңа педагогикалық
технология оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін
арттыруға тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан
қарағанда «Интерактивтік әдіс» маңызды орын алады.
Рөлдік
Пікір сайыс
ойындар
"Айтарыңды айтып сал"
( мига шабуыл әдісі)
Ойын түріндегі әдіс
Жобалау (өз бетінше
жұмыс істеуге
"Кейс стади
дағдыландыру)
( Нақты
оқу жағдаятын
Дебет Тренинг пайдалану)
әдісі
Өрнекті ара әдісі
Интерактивті оқыту
термині: қажеттілік
тудырды. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі
парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды
оқушының жеке тұлғасына
бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық
қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы
білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай,
өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену
арқылы танымдық
«жаңалық" ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау
негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде
оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы
керек. Интеркативті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап,
қорытындылауға бірден-бір
көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен
қатар интерактивті әдіс арқылы студенттер өз білімін
өздері бағалайды да оларға алған білім, білік
дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін-өзі
бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық
өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге біршама
септігін тигізеді.Жалпы шетел тілі сабағында
қолданылып жүрген рольдік
ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, оқушылардың баяндамалары
мен хабарлары диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер,
ұжымдық – танымдық оқу, иммитация әдістері осы
жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс
белгілері болып табылады. Интерактивті оқыту әдісі мен жұмыс жасауға
бағытталу үшін қарапайым интерактивті
әдістер - жұппен
жұмыс, шағын топпен жұмысты ұйымдастырудан бастау
қажет. Дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру
идеясын жүзеге асырға
мүмкіндік беретін – Ж..Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік
жүйесінің педагогикалық технологиясы». Ағылшын тілін
оқытуда бұл
технологияның басты тиімділігі. Ағылшын тілінен
оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп
оқыту технологиясында жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды
көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске
асады.
1.
Жаңа
тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып
ұғындыру әрекеті.
2.
Жалпы білімді
игертудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері (I,II,III деңгей).
3.
Тест тапсырмалары.
4.
Өзіндік
жұмыс.
5.
Қатемен
жұмыс.
6.
Көп
деңгейлікті бақылау жұмысы.
7.
Рейтинг, мониторинг
арқылы білім деңгейін сараптау.
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы –
оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі.
Ø
әр
тақырыптың 1-ші
деңгейінің тапсырмаларын міндетті түрде және
дұрыс орындағаны үшін «сынақ» алу арқылы,
әр оқушы пән бойынша 100% үлгеруіне кепілдік алады.
Ø
әр
тақырып бойынша қорытынды баға оның қабілеті
жеткенше еңбектеніп, жинаған ұпайына сәйкес
қойылады.
Ø
әр
оқушыға үй
тапсырмасы мүмкіндігіне
қарай беріледі.
Ø
Оқушыға
қабілеті жететін саласынан дарынын
ашуға жағдай
жасалады.
Оқытудың үш өдшемді
жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды
ізгілендіру мен демократияландыру
жағдайында өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп
өсіруші, өзін-өзі тәрбиеленуші тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Соңғы жылдары мектептерде оқушылардың білім
деңгейін тексеріп бақылауда
кеңінен таралып жүрген әдіс-тест жүргізу әдісі.
Бұл әдіс бақылау
түрлерінің бір түрі және оны олимпиадалар,
жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік қабылдау емтихандары осы
негізде жүргізілетіндіктен бұған ерекше назар
аудармасқа болмайды.Тесттің
2 түрін пайдалануға болады. Олар: ұзын және
қысқа тест. Ұзын тест 25-30 сұрақтан тұрса,
ал қысқа тест 2-5 тапсырмадан тұрады. Қысқа
тестті параграфтың
соңғы пунктінде, тараулардың теориялық
материалын түсіндіру алдында
қолданылады. Сабақты қорытындылау барысында 10-12
минутқа негізделіп құруға болады.Жаңа
технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді.Өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Өйткені ағылшын тілін сапалы
оқыту - заман талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мектептегі шет
тілі № 5 2008 ж.
2.
Мектептегі шет
тілі № 1 2008 ж.
3.
Мектептегі шет
тілі №5 2011 ж.
4.
Мектептегі шет
тілі № 5 2012 ж.
5.
Қараев Ж.А " Оқытудың үш
өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық
технологиясы " 1994 ж.
6.
Қазақстан
мектебі № 2 2004 ж.